Тарату нүктесі

Тарату нүктесі (бұған дейін "жаңартулар агенті" деп аталып келген) — жаңартуларды тарату, бағдарламаларды қашықтан орнату, желідегі құрылғылар туралы ақпарат алу үшін қолданылатын Желілік агенті орнатылған құрылғы. Тарату нүктесі келесі функцияларды орындауы мүмкін:

Файлдарды Басқару серверінен тарату нүктесіне жіберу HTTP протоколы арқылы немесе SSL қосылымының қолданылуы конфигурацияланған болса – HTTPS протоколы арқылы жүзеге асырылады. HTTP немесе HTTPS протоколын қолдану, SOAP протоколын қолданумен салыстырғанда трафикті қысқарту арқасында аса жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

Желілік агенті орнатылған құрылғыларды, тарату нүктелері тарапынан әкімші өз қолымен немесе Басқару сервері автоматты түрде тағайындауы мүмкін. Көрсетілген басқару топтары үшін тарату нүктелерінің толық тізімі, тарату нүктелерінің тізімі бар есепте көрсетіледі.

Тарату нүктесінің әрекет ету аумағы, ол әкімші болып тағайындалған басқару тобы, сондай-ақ оның барлық тіркеме деңгейлеріндегі ішкі топтар болып саналады. Басқару топтарының иерархияларында бірнеше тарату нүктесі тағайындалған болса, басқарылатын құрылғының Желілік агенті иерархия бойынша ең жақын тарату нүктесіне қосылады.

Тарату нүктелерінің әрекет ету аумағы, желілік орналасу болуы мүмкін. Желілік орналасу, тарату нүктесі жаңартуларды тарататын арнайы құрылғыларды қолмен қалыптастыру мақсатымен қолданылады. Желілік орналасуды анықтау, тек Windows операциялық жүйесінің басқаруындағы құрылғылар үшін ғана қолжетімді.

Тарату нүктелерін Басқару сервері автоматты түрде тағайындайтын болса, онда Сервер тарату нүктелерін басқару топтары бойынша емес, кеңінен тарататын домендер бойынша тағайындайды. Бұл, кеңінен тарататын домендер белгілі болғаннан кейін орын алады. Желілік агент өзінің ішкі желісінің басқа да Желілік агенттерімен хабар алмасады және өзі туралы ақпарат пен басқа да Желілік агенттер туралы қысқаша ақпаратты Басқару серверіне жібереді. Осы ақпарат негізінде, Басқару сервері Желілік агенттерді кең тарататын домендер бойынша топтастыра алады. Кең тарататын домендер Басқару серверіне басқару топтарындағы Желілік агенттердің 70%-дан астамы сұрастырылғаннан кейін белгілі болады. Басқару сервері кеңінен тарататын домендерді екі сағат сайын сұрастырып тұрады. Тарату нүктелері кеңінен тарататын домендер бойынша тағайындалғаннан кейін, оларды басқару топтары бойынша қайтадан тағайындауға болмайды.

Әкімші тарату нүктелерін қолмен тағайындаса, оларды басқару топтарына немесе желілік орындарға тағайындауға болады.

Белсенді қосылым профилі бар Желілік агенттер кеңінен тарататын доменді анықтауға қатыспайды.

Kaspersky Security Center әрбір Желілік агентке басқа мекенжайлармен қиылыспайтын көп мекенжайлы IP таратылымының бірегей мекенжайын белгілейді. Соның арқасында, мекенжайлардың қиылысуына байланысты желіге түсетін жүктеменің артуының алдын алуға болады.

Желінің бір аумағында немесе басқару тобында екі немесе одан да көп тарату нүктесі тағайындалса, олардың бірі белсенді тарату нүктесі болып, қалғандары резервтік болады. Белсенді тарату нүктесі жаңартулар мен орнату пакеттерін тікелей Басқару серверінен жүктеп алады, ал резервтік тарату нүктелері жаңартуларды алу үшін тек белсенді тарату нүктесіне жүгінеді. Бұл жағдайда, файлдар Басқару серверінен тек бір рет жүктеліп, одан кейін тарату нүктелері арасында бөлінеді. Белсенді тарату нүктесі қандай да бір себептермен қолжетімді емес болып қалса, резервтік тарату нүктелерінің бірі белсенді болып тағайындалады. Басқару сервері тарату нүктесін автоматты түрде резервтік деп тағайындайды.

Тарату нүктесі күйі (Белсенді/Резервтік) klnagchk утилитасы есебінде жалауша түрінде көрсетіледі.

Тарату нүктесінің жұмыс істеуі үшін дискіде кемінде 4 ГБ бос орын керек. Тарату нүктесінің дискісіндегі бос орын көлемі 2 ГБ-тан кем болса, Kaspersky Security Center орталығы Ескерту маңыздылық деңгейіне ие инцидент жасайды. Инцидент, Инциденттер бөліміндегі құрылғылардың сипаттарында жарияланады.

Тарату нүктесі бар құрылғыда қашықтан орнату тапсырмалары жұмыс істеген кезде, қосымша бос диск кеңістігі қажет болады. Бос диск кеңістігі, орнатылатын орнату пакеттерінің барлығының өлшемінен үлкен болуы тиіс.

Тарату нүктесі бар құрылғыда жаңартуларды (патчтарды) орнату және осалдықты түзету тапсырмасы жұмыс істеген кезде, қосымша бос диск кеңістігі қажет болады. Бос дискі кеңістігі, орнатылатын патчтардың барлығының өлшемінен кемінде екі есе үлкен болуы тиіс.

Тарату нүктелері рөлін атқаратын құрылғылар рұқсатсыз қол жеткізудің кез келген түрінен, соның ішінде физикалық тұрғыдан қорғалуы тиіс.

Сондай-ақ, қараңыз:

Тарату нүктелері мен қосылым шлюздерін конфигурациялау

Тарату нүктелері туралы

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу